Келіссөз. Үш тұғырлы тіл саясаты

ozgepikir.kz

Жаңа оқу жылынан бастап 1-сынып оқушылары 3 тілде білім ала бастайды. Егер жоба сәтті басталса, келер жылдан бастап 2-ші және 5-ші, 7-ші сынып оқушылары жаңа бағдарламаға көшеді.

Онда пәндер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылмақ. Бұл жүйеге қатысты пікірлер де әр түрлі. Ендеше саладағы жаңа реформаның артықшылығы мен кемшілігі неде? Бағдарлама қонақтары филология ғылымдарының кандидаты, профессор Қуандық Шамахайұлы және ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің бас сарапшысы Гүлсила Мұздыбековамен осы тақырыпты талқыға саламыз.