Цифрлық жаз: тағылымдамадан өтушілерді қабылдау басталды

Цифрлық жаз: тағылымдамадан өтушілерді қабылдау басталды

«Цифрлық жаз» бағдарламасы аясында тағылымдамадан өтушілерді қабылдау басталды.

Отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының бакалавриатының үшінші, төртінші курстарының және магистратурасының бірінші, екінші курстарының қазақстандық студенттері үш айлық жазғы тағылымдамадан өте алады. Өтінімдер 2021 жылдың 31 наурызына дейін бағдарламаның digital-summer.sk.kz. сайтында қабылданады.

Биыл ТМД-да баламасы жоқ бірегей бағдарламаға IT саласындағы болашақ мамандар ғана емес, сонымен қатар HR, қаржыгерлер, экономистер және техникалық мамандық өкілдері қатыса алады.

Бағдарламаның әрбір қатысушысына жеке тәлімгер бекітіледі. Тағылымдама кезеңінде 50 000 теңге мөлшерінде ай сайынғы стипендия көзделген.