Әлемдегі үздік университеттердің қатарына қазақстандық үш оқу орны енді

Әлемдегі үздік университеттердің қатарына қазақстандық үш оқу орны енді

2020-2021 оқу жылының басындағы жағдай бойынша Қазақстандағы жоғары білім беру саласында 125 дербес білім беру мекемесі және 4 дербес емес оқу орны (филиалдар) жұмыс істеді.

Оларда 576,6 мың студент білім алуда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,6% аз, деп хабарлады finprom.kz.

2021 жылдың басында QS World University Rankings рейтингіне тек 13 қазақстандық жоғары оқу орны қатысты. Олардың ішінде ТОП-500 қатарына үш университет қана кірді: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.

TOP-1000 қатарына тағы 7 жоғары оқу орны енді. Ал үш университет – Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университеті, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті үздік мыңдықтың қатарына енбей қалды.