423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Кореяның Байқоңырдан ұшқан спутнигі ғарыштан фото жіберді

  • 310
  • UPD: 20:56, 08.05.2021

Оңтүстік Кореяда жерді қашықтан зондтау алғашқы ұлттық спутнигі түсірген суреттер көрсетілді. Аппарат Байқоңыр ғарыш айлағынан 22 наурызда ұшқан болатын.

Айқындылығы жоғары оптоэлектронды камера арқылы 13 фото түсірілді. Олардың арасында Египет пирамидалары, Үндістандағы Тадж-Махал, Дубайдағы ЭКСПО кешені және Мәскеудегі Жеңіс алаңы бар. Оңтүстік Кореяның бірінші орта класты жерсерігінің салмағы 500 келі. Бұл осы ел ұшырған он жетінші ғарыш аппараты. Жер серігін жасау үшін қолданылатын компоненттер мен технологиялардың барлығы дерлік Кореяда жасалған. Құрылғы Корея түбегін 500 шақырым биіктіктен сканерлейді.

Ким Хен Чхоль, Корея Республикасы жер, инфрақұрылым және көлік министрлігінің департамент директоры:

- Суреттерді жерді тиімді басқару үшін пайдалануға болады. Сондай-ақ бұл орман өрті немесе су тасқыны сынды табиғи апаттарды анықтауға және оларды жоюға көмектеседі. Цифрлық егіз және ақылды қала жобаларын құру, сондай-ақ жоғары сапалы суреттер жүргізушісіз көліктер мен дрондарды басқару үшін қолданылады.

Хабар 24 телеарнасы