Балалар үшін экскурсия ұйымдастыру ережелеріне өзгеріс енгізу көзделді

Балалар үшін экскурсия ұйымдастыру ережелеріне өзгеріс енгізу көзделді

Еліміздің Білім және ғылым министрлігі балаларға туристік экскурсия ұйымдастыратын 38 компаниямен ғана жұмыс істейді. Тараптар арасында серуеннің ережелері мен нұсқаулықтары бекітілген. Бұл мекемелер балалардың қауіпсіздігі үшін толықтай жауап береді. Сол себепті ведомство барлық білім ордаларын тек осындай ресми компаниялармен шарт жасасуды ескертеді. Ал Шарын шатқалына жасалған экскурсия жайлы мектеп әкімшілігі немесе білім беру басқармасы білген жоқ.

Есенғазы Иманғалиев, ҚР БҒМ балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы:

- Олар білсе группаны бізде тіпті МВД арқылы полицей сүйемелдеп жүруі керек еді. Себебі бұл жерде балалардың қауіпсіздігі бірінші мәселе. Сондықтан балалар қаладан сыртқа шыққанда, балалар автобуспен жүргенде сондай бұйрық бар. Оған МВД қатысып отырады. 

Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, экскурсия басталмас бұрын жаттықтырушы барлық қатысушыға нұсқаулықтар беруі тиіс. Өкінішке орай, көптеген туркомпания бұл міндетін орындамайды. Салдарынан еш дайындықсыз келген балалар апат кезінде не істерін білмей қалуы мүмкін. Сол себепті Шымкент қаласында балаларды мұндай  жағдайларға дайындайтын клуб ашылды. 

Борис Иванов, клуб директоры:

- Клубқа барлық мамандық өкілдерін шақырамыз. Мысалы, өрт сөндірушілер келіп, балалармен бірге жұмыс істейді. Оқушыларымыз шын мәнісінде өрт сөндіреді. Қандай да бір оқиға болған кезде алғашқы медициналық көмекті көрсетуге үйретеміз. Дайындығы бар балалар апатты жағдайда өзін өзі қалай ұстау керектігін біліп отырады. 

Алдағы уақытта дайындықтың бұл түрі елдің барлық өңірлерінде енгізілуі мүмкін. Жақында Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен ведомтствоаралық комиссияның отырысы өткізілмек. Жиында балалардың қауіпсіздігін қамтасыз ету жолдары талқыланбақ. 

Авторлар: Дариға Ташенова, Асхат Қарақойшиев