Министр: Мектептерді 100% қауіпсіз дей алмаймыз

Ел мектептерінде арнайы дайындық өтетін болды.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осылай деді. Қазандағы қантөгістен кейін ішкі істер органдары білім ошақтарындағы қауіпсіздікті жіті тексеруге кіріскен. Олар енді Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, оқушылар мен мұғалімдерге оқыс оқиға кезінде қалай әрекет ету керектігін айтып түсіндірмек. Арнайы оқу-жаттығу да өтеді.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

- Барлық мектепті тексеріп жатырмыз. Біраз олқылық анықталды. Білім ошақтары 100% бейнебақылау камераларымен жабдықталған дейміз. Бірақ олардың тең жартысы талапқа сай емес. Одан кейін мектептердің 90%-інде дабыл жүйесі жоқ. Кіреберісіне турникет орнатылмаған. Білім ошақтарының көбі күзет қызметімен келісімшарт жасаспаған.