Еліміздің ең үздік мұғаліміне 10 мың доллар беріледі

Еліміздің ең үздік мұғаліміне 10 мың доллар беріледі
Елорда Инфо

Еліміздегі ең үздік педагогты «Қазақстан мұғалімі» ұлттық премиясында марапаттайды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Байқауға өтініш қабылдау 15 тамызға дейін жалғасады. Қыркүйекте жеңімпазға басты жүлде – 10 мың АҚШ доллары беріледі.

«Бұл жобаға кез келген қазақстандық мұғалім қатыса алады. Ол үшін министрліктен немесе білім бөлімінен қандай да бір ұсыным хаттың керегі жоқ. Байқаудағы басты басымдық тек мектеп өміріне емес, сондай-ақ қоғамдық өмірге де белсене араласып жүрген педагогтарға беріледі»,  – деп атап өтті Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының төрағасы Ермек Мәжитов.

Оның айтуынша, финалистерді тәуелсіз комиссия анықтайды. Жеңімпаздан басқа жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталады.

Айта кетейік, ұлттық премияның финалистері жаһандық сайысқа қатысуға жолдама алады.