Е. Рыбакина жартылай финалға шықты

Е. Рыбакина жартылай финалға шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ші ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет Мадрид WTA 1000 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалда ол отандық спортшы Юлия Путинцеваны жеңді. Осыған дейінгі кездесуде Юлия басым түскен еді.

Ал екінші және үшінші ойында Рыбакина қарсыласына есе жібермеді. Ойын 4:6, 7:6, 7:5 есебімен аяқталды.