А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ студенті 100 өлең оқып автокөлік ұтып алды

Алматы қаласында ASSYLTAS қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «100 өлең» республикалық байқауы аяқталды.

Байқаудың басты талабы 100 қазақ ақынының 100 өлеңін жатқа оқу болды.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты байқаудың бірінші іріктеу кезеңі ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтті. 500-ден астам қатысушы өлеңдерді тікелей эфирде оқып, олардың 25-і ғана жартылай финалға өтті.

Финалда барлығы 4 қатысушы кездесті. Қостанай облысы атынан А.Байтұрсынов атындағы өңірлік университеттің 4 курс студенті, байқау жеңімпазы Ақерке Жанмұрат қатысты.

Ақерке 17-21 ғасырлардағы түрлі қазақ ақындарының шығармаларын таңдады. Авторлар арасында Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев және тағы басқалары болды. Қазіргі ақындар: Бақыт Беделхан, Исраил Сапарбай, Маралтай Райымбекұлы, Есенғали Раушанов және Олжас Қасым да назардан тыс қалған жоқ.

Байқаудың басты жүлдесі Chevrolet Nexia жаңа автокөлік болды.

Айта кетейік, бұл Ақерке байқаулардағы алғашқы жеңісі емес ­– бұрын бойжеткен Республикалық пәндік олимпиадаға, халықаралық деңгейдегі «21 ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынына, сондай-ақ өлең оқудың түрлі облыстық байқауларына қатысып, абсолютті жеңімпаз атанған болатын.