Бала мектепке баруы үшін ата-ананың вакцина алуы міндетті емес

Бала мектепке баруы үшін ата-ананың вакцина алуы міндетті емес

Бала мектепке барып оқу үшін ата-анасының вакцина салдыруы міндетті емес. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты.

Білім ордасында ата-ананың вакцина алуы талап етілмейді. Дегенмен, мектепте санитарлық талаптар қатаң сақталады. Барлық білім мекемесі «Ashyq» жүйесіне қосылған. Сол арқылы мектеп қызметкерлері өтеді. Бір сыныпқа бір кабинет бекітіледі. Бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары үшін жеке кіру есіктері қарастырылған. Сыныпта бір бала ауырған жағдайда бүкіл сынып қашықтан оқуға жіберіледі. Соңғы 14 күнде Алматыда 1778 бала короновируспен ауырған. Олардың 1738-і үйде ем алды.

Ләззат Жылқыбаева, қалалық Білім басқармасының басшысы:

– Жалпы ауырған балалар, ауырған балалармен байланыста болған балалар қашықтан білі алады. Ұстаздар қауымы 100 пайыз екпе алған. Сондықтан біз де балалардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың екпе алуын ұсынамыз. Ата-анасы екпе алмаған балалар мектепке жіберілмейді деген талап жоқ. Ондай талап біз қойып отырған жоқпыз.