Атырау облысында биыл 14 мыңға жуық бала бірінші класқа барады

Атырау облысында биыл 14 мыңға жуық бала бірінші класқа барады

Атырау облысында 14 мыңнан астам мұғалім мен мектеп қызметкерінің 97 проценті вакцина алып, жаңа оқу жылына дайын отыр. Биыл мұнайлы өңірде білім ордасына 143 мыңнан астам оқушы барады. Оның 14 мыңға жуығы мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндер. Жалпы ереже бойынша барлық мектептер қашықтан оқытуға да, өзінде қабылдауға да әзірленген. Мектеп ғимараттары жөнделіп, санитарлық талаптарға сәйкестендірілді.

Айнагүл Дүйсекенова, облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары:

- Сонымен қатар медициналық қарсы көрсетілім алып отырған қызметкерлер де бар: 3200-ге жуық. Ол қызметкердің көпшілігі жүктілігіне байланысты және бала күтіміне байланысты, сонымен қатар өзіне медицина мекемесі берген қарсы көрсетілім анықтама негізінде оларға қазіргі таңда вакцина алу мүмкін болмай отыр. Әсіресе осы коронавируспен ауырып тұрған қызметкерлерге өзінің мерзімі бар, сол өткесін екпе алатын болады.