Қызылорда облысында биылғы оқу жылында 107 класс карантинге жабылды

Қызылорда облысында оқу жылы басталғалы 189 оқушыдан коронавирус анықталды.  Оның 107-сі мектепте  жүріп жұқтырғаны белгілі болды.

Барлық сынып екі апталық карантинге жіберілді. Облыс орталығындағы білім беру ұйымдарында аурушаңдық көрсеткіші шамамен 70%-ті құрап отыр. Дегенмен, санитарлық дәрігерлердің айтуынша, жалпы эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Өңір 5 қыркүйектен бері сары аймаққа еніп, індетке шалдығу деңгейі біршама төмендеді. Қазіргі таңда мектеп мұғалімдерінің 97%-і вакцина салдырған.

Айман Жанахаева, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы: 

- Бүгінгі күні облыс бойынша барлық мектептер «Ashyq» жүйесіне қосылған. Департамент мамандарымен күнделікті оқушылар арасындағы коронавирус инфекциясымен аурушаңдыққа мониторинг жүргізіліп отырады.