Көкшетауда алғашқы кадет сыныбының оқушылары мектеп бітірді

Көкшетауда алғашқы кадет сыныбының оқушылары мектеп бітірді

Жалпы білім беретін №11 мектеп-гимназиясы мұндай патриоттық жобаны бірнеше жыл бұрын қолға алған болатын.

Соған сай балалар өз қалауы бойынша 5 пен 9-сынып аралығында қосымша әскери бағытта білім алады. Солардың алғашқы 16 түлегі бүгін кадет сыныбын тәмамдады. Олардың жартысынан астамы оқуын әрі қарай әскери оқу орындарында жалғастырады. Оқушылар тарапынан кадет сыныптарына деген сұраныстың артқаны сонша қазір 10-класс ашылып, бала саны 150-ден асқан. Ал сабақтың ерекшелігі оқушылар үнемі әскери формамен жүреді. Ұлдар мен қыздар бөлек оқып, әскери медицина, әскери спорттық және әскери-құқықтық бағыттары бойынша білім алады.

Әділ Смайылов, кадет сыныбының түлегі:

- Мен бұл мектепте 5 жыл оқыдым. Осы уақыт аралығында біз спорттық және психологиялық дайындықтан өттік. Түске дейін әдеттегі сабақтарымызды оқысақ, түстен кейін практикалық дәрістерді меңгердік. Әрі бізді батылдыққа үйретті. Енді Алматыдағы «Арыстан» лицейіне немесе астанадағы «Жас Ұлан» мектебіне оқуға түскім келеді.