Павлодарда оқушылар құмнан қала тұрғызып, түрлі пішін жасады

Павлодарда оқушылар құмнан қала тұрғызып, түрлі пішін жасады

«Жайдарлы жаз»  жобасына 700-ден астам оқушы қатысып жатыр.

Маусымның 25-не  дейін жалғасатын шара балалардың  жазғы демалысын қызықты өткізу үшін ұйымдастырылды. «Құмдағы ғажайыптар» байқауы пандемия кезінде тоқтап қалған еді. Екі жылдан кейін қайта жанданды. Ойын шартына сай  қатысушылар  белгілі бір композицияны бір сағат ішінде жасап үлгіруі  тиіс.  Өзен  жағасында ұйымдастырылған байқауда  балалар көбіне су  жануарларын жасады. Сонымен қатар жас құрылысшылардың қиялынан сәулетті  ғимараттар мен  мұнаралар  бой көтерді.

Айна Мағмұрова, оқушы:

-  Осы жер бізге қатты ұнап жатыр. Біз «Песочная фантазия» деген байқауға қатысып жатырмыз. Бізге сәттілік тілеңіздер. Біз жеңеміз.