Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де халықаралық ғылыми фестиваль ұйымдастырылды

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де халықаралық ғылыми фестиваль ұйымдастырылды

Мүмкіндігі шектеулі балалардың ертеңі қандай болмақ? Олардың толыққанды білім алып, жұмысқа орналасып, қоғамда өз орнын табуға қалай көмектесуге болады? Осы сауалдарға жауап табу үшін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде халықаралық ғылыми фестиваль ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іс-шараға қоғамдық ұйымдардан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия мен Ресейден мүмкіндігі шектеулі баласы бар ата-аналар қатысты. Бүлдіршіндерінің өмірін жайлы ету жолында медициналық, әлеуметтік, қаржылық және нормативті құқықтық базаны жетілдірудегі тәжірибесін ортаға салды. Фестивальдің қорытындысы бойынша арнайы жинақ жарыққа шығару жоспарда бар.  

Наргиза Махмұдова, фестивальге қатысушы / Өзбекстан: 

- Ерекше балаларға арналған білім саласында өзге мемлекеттер қандай нәтижеге қол жеткізгенін көргім келеді. Оларды жұмысқа қалай орналастырып жатыр? Өйткені мұның бәрі өте маңызды. Біз бұл бағытта оң өзгерістер болғанын қалаймыз. Сондықтан басқа ұйымдардың жетістігін көргіміз келеді.

Сергей Главацкий, фестивальге қатысушы: 

- Біз бүгін Қырғызстанның қалаларында ерекше балалардың ата-аналары қауымдастығының өкілдігін ашамыз деп  келістік. Негізі бізде бірлескен жобалар бар. Соңғы үш жылда ата-аналардың ортақ мәселесін қаузайтын платформа қалыптасқан. Жылдар бойы жинақталған білім мен әзірленген әдістемені Қырғызстанмен бөлісу мүмкіндігіне қуанып отырмыз.