Елордада 6 мектепке жапсарлас ғимарат сапасыз салынған

Елордада 6 мектепке жапсарлас ғимарат сапасыз салынған

Елордада 11 мектепке қосымша салынған ғимараттың алтауында кем-кетіктер бар.

2019 жылы анықталған кемшіліктер әлі жөнделмеген. Сондықтан мектептердің құрылыс жоспарынан бастап, пайдалануға берілгенге дейін реттейтін құжат керек. Қалалық мәслихат отырысында мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов осылай деді.

«Бір нысанға 3-4 мемлекеттік органның белгіленуі, ұжымдық жауапсыздыққа әкеледі. Соңында құрылыс сапасы сын көтермейді», - дейді Каналимов. 

Ерлан Каналимов, қалалық мәслихат хатшысы:

- Бізде мектепті қабылдаудың нақты бекітілген тәртібі болу керек. Астанадағы 97 мемлекеттік білім ордасының бәріне ревизия жасаған жөн. Мемлекеттік акт, қабылдау құжаттары, әділет органдарындағы тіркеу, техпаспорт осының бәрін тексеру қажет. Үш жыл бұрын қабылданған, бірақ құрылыс спасына қатысты ескертулер жасалған ғимараттар бар. Ол кемшіліктерді әлі түзетпеген. Ертең бірдеңе болса кім жауап береді?

Амангелді Саттаров, қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

- Мемлекет құрылыс басқармасы ретінде өте нашар менеджер. Бизнес бұл мектептерді өзі салу керек, ал біз жай ғана қабылдап алсақ жақсы болар еді. Өйткені жүйелі түрде қайталанатын проблемалар көп. Бұл  сапа, мерзім, бюрократия.