Биыл 30 мыңнан астам бала оқу құралдарын тегін алады

Биыл 30 мыңнан астам қазақстандық оқушы мектепке қажетті оқу құралдарын тегін алады.

"Аманат" партиясы «Баланы мектепке жинайық!» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын бастады. Аталмыш шара «Бақытты отбасы» жобасы аясында жыл сайын өткізіледі. Ол көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек беруге бағытталған. Білім күні қарсаңында оқушыларға мектеп формасы, оқулықтар мен кеңсе тауарлары салынған сөмкелер табысталады. 

Нұрсұлу Ағаділова, көп балалы ана