Қостанай облысында жаңа оқу жылы жаңашылдыққа толы

Қазақ мектептерінің бірінші сыныптарында ағылшын, орыс тілдері оқытылмайды. Балалардың білім-біліктілігін ұштау үшін жаҺандық құзыреттер курсы енгізіледі. Тобыл өңірінде биыл осындай жаңашылдықпен 112 мыңнан астам мектеп оқушысын қамтылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін Қостанайда өткен білім саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясында айтылды. Қостанай облысында 782 білім беру ұйымы бар. Жас өскіннің саналы тәрбие, сапалы білім алуын қамтамасыз ету үшін атқарылған жұмыстар аз емес.

Қарлыға Есмурзина, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

– Енді биыл 88 мектепте бізде ағымды жөндеу жұмыстары өтті. 20 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары өтті.

Қазір өңірде жастарға бағыт-бағдар беретін жаңа кәсіптер атласы әзірленіп жатыр. Отыз колледжде 180-нен астам кәсіпорынның қатысуымен дуалды оқыту жүйесі енгізілген.

Жомарт Құсайын, Ыбырай Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік - гуманитарлық колледжінің директоры:

– Жиырма үшінші жылға дейін жалпы кәсіптік білім беру саласында тегін оқу 100 процент қамтылады деген мақсат қойылуда. Онымен қоса, өзіміздің білім басқармасының қолдауымен мемлекеттік тілімізде кәсіптік білім беру саласында биылғы 1300 грант бөлінетін болады.

Соңғы үш жыл көлемінде білім жүйесін қаржыландыру үш есеге артқан. Биылдың өзінде аталған салаға 149 млрд. тенге бөлінді. Бұл облыс бюджетінің үштен бір бөлігі.

Архимед Мұхамбетов, облыс әкімі:

Жалпы 2025 жылға дейін облысымызда 9120 орынға арналған 14 мектеп жаңа мектеп ашылатын болады. Жекеменшік мектеп жүйесі кеңейіп келеді. Жылдың аяғында дейін Қостанай қаласында қазақ тілінде терең білім беретін «Қазбілім» лицейі мен кәсіпкерлік білім беретін, ағылшын тілін терең оқытатын KAZGUU SCHOOL мектебі ашылады. 

Жаңа оқу жылындағы тағы бір жаңалық шахмат сабағы енгізіледі. Баланың өнерін ұштап, әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіруге жете мән беріледі. Жалпы қосымша білім берумен мектеп оқушыларының 80 проценті қамтылады.

Авторлары: Мағауия Қалиев , Ермек Мухамедьяров