Халықаралық PISA тестінің нәтижесінде қазақстандық 15 жастағы оқушылар 69-орында

Халықаралық PISA тестінің нәтижесінде қазақстандық 15 жастағы оқушылар 69-орында

Сарапшылар бұл өте төмен көрсеткіш, - дейді. Алайда бұл жеткіншектердің білімі таяз деген сөз емес, тек, оқушы алған білімін өмірде қолдана алмағанын көрсетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін баланың бойында коммуникация, сыни ойлау, креатив сияқты басты қабілеттерді дамыту керек. Бүгін Алматыда бас қосқан білім саласының сарапшылары мен ұстаздар жаңа бағыттың тиімді тұстарын ортаға салды.

Диляфруз Сайлаубекова, Білім беру орталығының даму және сараптама жөніндегі академиялық директоры:

- Бұл тікелей ұстаз бен оқушының арасындағы жұмысқа негізделеді. Мәселен, мәтін мен суреттермен жұмыс істегенде қандай кейіпкер? Жақсы ма, жаман ба? Неге ол олай жасады? Егер сен оның орнында болсаң не істер едің? Деген сияқты дамыту сұрақтары болуы тиіс. Демек бала сараптама жасап, өзінше ой түйе алуы керек.