Павлодар облысында бірқатар мектептің оқушылары білім күнін мәдениет үйлерінде қарсы алды

Павлодар облысында бірқатар мектептің оқушылары білім күнін мәдениет үйлерінде қарсы алды

Ертіс өңірінде бірнеше мектептің оқушылары білім күнін мәдениет үйлерінде қарсы алды. Себебі мердігерлердің уәдесі құрғақ сөз болып қалды. 

Оқу жылына дайын болмай шыққан оқу орындарының қатарында Ақсу қаласына қарасты 98 оқушыға арналған Сарышығанақ мектебі бар. Жөндеу жұмыстары кешеуілдегендіктен, балалар мерекелік жиынды далада өткізді. Ал ауылдағы үш қабатты нысанның жөндеуі аяқталар емес. Жауаптылар екі ай қажет дейді. Алайда, салалық мекеме өкілдері нысанды бір ай ішінде қолданысқа тапсырамыз дейді. Айта кетейік, биыл облыста 46 мектепте күрделі жөндеу басталған. Кей ошақтарда жұмыстар бірінші қыркүйекке дейін бітпей қалған. Әкімдік мамандарының айтуынша, бұған мемлекеттік тапсырыс рәсімдерінің кеш өткізілуі себеп. Оған қоса бір мердігер 10 нысанды жөндеу құқығына ие болып, кейін үлгермей қалған.

Қайрат Смағұлов, Ақсу қалалық білім беру бөлімінің басшысы:

- Сарышығанақ мектебінде ремонтты осы айдың аяғына дейін бітіреміз. Барлық күшімізді соған саламыз. Балалар қайтадан мектепке кіреді, өз мектептерінде сабақтарын оқиды. Жаңадан істелінген. 43 жыл істелінбеген ремонт. Келісім-шарт бойынша мерзімге қарамаймыз, біздің, қазіргі мақсатымыз мектептің ішіне кіріп алу. Сынып кабинеттерін жөндеп алу, асхананы жөндеп алу.