2025 жылдың соңына дейін елде 800 мың оқушыға арналған мектеп салынады

2025 жылдың соңына дейін елде 800 мың оқушыға арналған мектеп салынады

Бұған республика қазынасынан 2,6 трлн теңге бөлінеді. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, қазір ел бойынша 270 мың оқушыға мектептен жайлы орын бұйырмай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар үш ауысымдық не апатты білім ошақтарында оқуға мәжбүр. Үкімет мәселені «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы шешуді көздейтінін жеткізді.