АҚШ-та оқу мен жұмысты қалай бірге алып жүруге болады – маман кеңесі

АҚШ-та жүріп оқу мен жұмысты қалай бірге алып жүруге болады? Осы мақсатқа қол жеткізу үшін көптеген студенттер танымал Work and Study бағдарламасына жүгінеді. Бұл жастардың Америкада ағылшын тілін терең меңгеріп, жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, университетте оқу кезінде қаржылық жүктемені де азайтуға септігін тигізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көптеген ұйымдар осы салада өз қызметтерін ұсынады. Осы орайда сарапшылар АҚШ-та бас кеңсесі орналасқан компанияны таңдауға кеңес береді. Оның қандай артықшылықтары барын тілшілеріміз анықтап көрді. Атлант мұхиты жағалауындағы танымал курорттық қала Майамиде IBC group халықаралық компаниясы орналасқан. Бас кеңсесі де осы жерде. Бұл компания төрт жылдан бері қазақстандық нарықта жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде IBC Group қызметкерлері мыңнан астам студентті АҚШ-қа жіберді. Олардың барлығы Work and Study бағдарламасының қатысушылары.

Еркежан Сүлейменова, IBC Group компаниясының филиал директоры:

– Work and Study бағдарламасына 16 жастан 45 жасқа дейінгі кез келген адам қатыса алады. Бұл енді біздің жасаған жоба бойынша. Ал Америкада жалпы кез келген жаста білім алуға болады. Мысалы, мен Нью-Йоркте оқыдым. Менімен бірге 48 тіпті 57 жастағы кісілер бірге оқыды. Сондықтан білім алам деушілерге ешкім, ешқашан кедергі келтірмейді.

Әрине жат елде бірден үйренісіп кету оңай емес. Көп адам осыдан қорқады. Алайда компанияның бас кеңсесі сол жақта болса, онда алаңдауға негіз жоқ. Өйткені ол жерде сіздің құқықтарыңыз қорғалады. 

Еркежан Сүлейменова, IBC Group компаниясының филиал директоры:

– Біз келем деушілерді әуежайдан күтіп аламыз. Олардың талаптары бойынша баспана тауып беруге тырысамыз. Сондай-ақ медициналық сақтандыруды және жүргізуші куәлігін де алып береміз. 15-16 жастағы балалардың ата-анасы ештеңені уайымдамаса болады. Өйткені біздің Америкадағы қызметкерлеріміз барлық кезде қол ұшын беріп, қастарынан табылады.

Ал IBC Group компаниясының Қазақстандағы қызметкерлері университет таңдауға, виза жасатуға және басқа да қажетті құжаттарды алуға көмектеседі. Ең бастысы, грант алып Америкада білім алуға жол ашады. Ал сарапшылар мұхит ассам деп армандайтын әрбір жанға тегін онлайн кеңес беруге қашанда дайын.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Алма Оразбаев