Шымкентте зертханалық жұмысты жеделдетудің тың технологиялары таныстырылды

Шымкентте зертханалық талдау жұмыстарын жеделдетуге арналған инновациялық технологиялар таныстырылды.

Заманауи жабдықтар микробиологиялық және аналитикалық зертхана жұмысына тың серпін береді. Семинарға қатысқан сала мамандары осылай,-дейді. Жиынға «STOLAB» компаниясымен серіктестік орнатқан әлемдік өндірушілер де арнайы қатысты. Аймақтағы әріптесім Нұрсұлтан Мұхамеджан толықтарады. 

Дәрі-дәрмек өндіру мен алкогольді және алкогольсіз сусын шығару ісі терең талдауды, жүйелі зертханалық жұмыстарды талап етеді. Ол үшін микробиологиялық және аналитикалық зерделеуге заманауи шешімдер қажет. Әйтпегенде тұтынушылар арасында аллергиялық аурулар пайда болады. «STOLAB» - әлемнің жетекші компанияларымен шарт жасасып, заманауи құрылғыларға қол жеткізуге жағдай жасады. 

Нұрсұлтан Ермағанбет, "STOLAB" ЖШС директоры:

- Компаниямыздың басты мақсаты ел азаматтарының қауіпсіздігі мен денсаулығына бағытталған. Зерттеулердің жылдам және сенімді нәтижелерін алу үшін мемлекеттік және жеке зертханаларда әлемнің жетекші компаниялары шығарған сынақ жинақтарымен, жабдықтарымен және шығын материалдарымен қамтамасыз ету.

Семинарға жиналған түрлі сала мамандары жаңа медициналық құрылғылармен танысуға мүмкіндік алды. Айтуларынша, бұл жабдықтар зертханалық талдау жұмыстарын жеңілдетіп, дәлме-дәл көрсеткішті анықтауға мүмкіндік береді. 

Нұрсұлу Бердиярова, қалалық диагностикалық орталықтың зертхана меңгерушісі:

- Семинар қызықты әрі сала мамандарына өте пайдалы болды деп есептеймін. Мұнда таразыдан бастап сынақ жинақтары, диспансерлер және көлік құралдары көрсетілді. Бұл дайын өнімдер бізге аса қажет. 

Ольга Ларионова, "Sartorius" компаниялар тобының бас директоры:

- Құрал-жабдықтардың шынында пайдасы зор. Өйткені зертханалық талдаулар мен медициналық диагностика заман талабы. Компанияның ұсынған заманауи препараттарының барлығы әлемнің жетекші зертханалық талдауларынан өтіп, шығарылады.

Салаға жауаптылар заманауи медициналық жабдықтар аз уақытта мыңдаған адамның өмірін жақсартып, денсаулығын тезеуге көп көмегін тигізетінін айтады. Жиынға қатысушылар семинар соңында сарапшылармен пікір алмасып, емдеудің жаңа түрлерімен танысты. 

Нұрсұлтан Мұхамеджан, Самат Нағашбекұлы, Нұрмахан Бекмұратов