Атырау облысында білім ошақтары бой көтереді

Атырау облысында үш ауысымды 11 мектеп пен апаттық жағдайда тұрған 4 білім ошағы бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күрделенген мәселені шешу мақсатында жергілікті билік кешенді жоспар дайындап, 50-ге жуық мектеп салуды қолға алған. Осы айдың өзінде шаһардағы Балауса ықшам ауданында 600 орындық мектептің құрылысы аяқталып, қабылданған.

Гүлнәр Сәдуақасова, облыстық Білім беру басқармасының басшысы:

- Биылғы жылдың желтоқсан айынджа 9 балабақшаның құрылысы аяқталып, тапсырылуда. Одан басқа мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде 9 балабақшаның құрылсы аяқталып тапсырылуда. Және де қалада 4 балабақша құрылысы жүргізілуде.

«Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары 12 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның 8-і облыс орталығында, қалғаны Жылыой, Құрманғазы және Қызылқоға аудандарында салынбақ.

Нұрберген Құсайынов, облыстық Құрылыс басқармасының басшысы:

- Қазіргі таңда ең аса бір маңызды проблема болып тұрған, ол – үш ауысымды мептептерді жою мәселесі. Осы бағытта «жайлы мектептің» құрылсын салу келесі жылға жоспаарлап отырмыз. Бұл жерде шамамен 14 млрд теңге келесі жылға қаралып тұр. Бұдан бөлек басқа да мектептдің құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Бюджеттен бөлінетіні бар немесе ТШО мекемесінің Игілік бағдарламасына сәйкес жүргізілетін, яғни елдімекендегі мектептердің құрылсын жүргіземіз.

Келер жылдың наурызында 2 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Қала іргесіндегі Жаңаталап ауылы мен Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы балалар 300 орындық жаңа мектепте білім алады.

Авторлары: Асланбек Шығыр, Темірлан Сұлтанғазиев, Жандос Рахметуллин