ЕҰУ ғалымы бояғыш алу технологиясын ойлап тапты
Еуразия Ұлттық университетінің ғалымы, химия ғылымдарының кандидаты Руслан Сафаров марганец кенінен бояғыш алу технологиясын ойлап тапты.
Ғылыми ізденісін іске асыру үшін зерттеуші бір жыл бойы еңбектенген. Жаңа технологияны құрылыс саласында қолдануға болады. Өнертапқыштың қанатқақты жобасы патенттелген. Ғалымдар бұл әдісті коммерцияландырып, өндіріске енгізуді жоспарлап отыр. Жобаны іске асыру үшін былтыр мемлекеттік грант ұтып алды.
Руслан Сафаров, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушы, химия ғылымдарының кандидаты:
- Біз бұл бояғышты марганец кенінен алдық. Ал марганец кенін арнайы «Богач» және «Жақсын» кен орындарынан іздеп табуға болады. Оны арнайы зертханаға жібергенде, оң нәтиже шықты. Зерттеу арқылы, кірпішті расында «шоколад» түсті етіп шығаруға болатынын анықтадық. Осылайша, Қазақстанда әлі ешкім ойлап таппаған жаңа технологияға қол жеткіздік.