Елімізде «Ай-Ти» ғалымдардың өнертабысын арнайы қор қаржыландырады
Ел іші өнертапқыштарға кенде емес.
Ғылымды қолдау үшін көбіне қаражат қажет. Осы өнертапқыштар мен ІТ саласындағы үздік идеяларды жүзеге асыруға жаңадан құрылған Тumar Venture Fund қоры қолдау көрсетеді. Алматыда өткен бесінші «Digital Almaty 2023» форумында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осы хабарды жеткізді. Қазір отандық ІТ-нарықта 10 мыңнан аса компания жұмыс істейді. Оларда 150 мыңнан аса адам еңбек етеді. Ал Алматы осы индустрияның орталығы іспетті, дейді министр. Әзірге мемлекет пен жекеменшік серіктестік қаражатына құрылған қордың бюджеті 20 миллион доллар. Алдағы уақытта қосымша инвестиция тартылады.
Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
- Осы барлық 50 миллион доллар біздің ІТ қауымдастықтың стартаптарына Қазақстанның ІТ стартаптарына келіп құйылады. Сондықтан осы жалпы вечурлік инвестициялардың дамуы тек қана мемлекеттік қолдаумен емес осы жекеменшік сала ретінде қалыптасатын болады. Сондықтан екі жылдың ішінде біз ойлаймыз, 1 миллиард доллар құнымен осы венчурлік қорлар келеді деп осы біздің Қазақстанға.