Талдықорғанда бидай сапасын жақсарту технологиясын тиімді қолдану тәсілі таныстырылды

Қазақстанда бидай алқабының әр гектарынан орташа есеппен 1 тонна өнім жиналады. Өнім көлемін көбейту үшін аймаққа бейімделген бидай тұқымының генетикасын жақсарту керек. Бұл мәселе Талдықорғанда өткен халықаралық семинарда талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Ұлыбритания, Түркия, Пәкістан, Өзбекстан және Қырғызстанның жас ғалымдары қатысты. 4 күндік басқосу барысында олар өсімдік селекциясына заманауи дезоксирибо нуклейн қышқылы технологиясын ұтымды қолдану тәсілімен танысты. Мұның бәрі арнайы ашылған ғылыми орталықта іс жүзінде көрсетілді. Ғалымдар бұндай әдіс дәстүрлі селекциялауға қарағанда уақыт үнемдейді әрі жылдам нәтиже береді дейді. 

Кристобал Уауи, Ұлыбританиялық Джон Иннес орталығының профессторы:

- Менің ойымша, бидайды бұл технологиямен селекциялау үшін, біріншіден, оқу орталықтары құрылу керек. Ол Қазақстанда және Орта Азия мемлекеттерінде болып, бірлесе жұмыс істеуі қажет. Платформа құрылғаннан кейін тұрақты қолдау негізінде технология енгізіледі. Сонда ғана заманауи селекцияның нәтижесін көруге болады.