Атырауда оқушылар мен студенттер онлайн оқиды

Атырауда оқушылар мен студенттер онлайн оқиды

Атырау облысында қалың қар жауып, боран соғып тұр.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері бүгін түстен кейін және ертең қашықтан оқиды. Қазір “Арнаулы авто-база” мекемесінің қызметкерлері қала көшелерін тазартып жатыр. Сондай-ақ қатты желдің әсерінен, қаланың кей аумағындағы электр желісінің бойында ақау пайда болған. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындарға алыс жолға шықпау керектігі ескертілді.