ҰБТ-дан 50 балл жинағандар әскери оқу орнына түсе алады

Ұлттық бірыңғай тестілеуден 50 балл жинағандар Әскери оқу орнына түсе алады.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Жұмабек Ахметов мәлімдеді. Оның айтуынша, азаматтарды оқу орындарына қабылдау арнайы тәртіп бойынша іске асады. Атап айтқанда олар психологиялық, медициналық тексеріс пен  дене шынықтыру дайындығынан және конкурстық іріктеуден өтуі тиіс. Ал қабылданған талапкерлер Әскери институттардың аумағында орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етіледі.

Жұмабек Ахметов, ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы:

- Талапкерге қабылдаудан әрбір кезеңнен өтуге бур рет рұқсат етіледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген тАлапкер келесі кезеңге жіберілмейді. ҚР қорғаныс министрлігі Әкери оқу орындарының негізгі міндеттерінің бірі кәсіби дағдылары көшбасшылық қасиеттері бар, терең білімді қарулы күрес пен жаңа технологиялардың өзгермелі талаптарына бейімделе алатын және форматтағы мамандарды дайындау болып табылады.