Жетісу облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты тағайындалды

Жетісу облысында алғаш рет «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты тағайындалды.

Жобаның негізгі мақсаты – өңірдегі дарынды жастардың шығармашылық бастамаларына қолдау көрсету. 3 млн теңге көлеміндегі грантты ұтып алуға Жетісу облысының 14 пен 35 жас аралығындағы жастары қатыса алады. Үздік жобаларды конкурстық комиссия анықтайды. Жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін жергілікті қазынадан 30 млн. теңге бөлінген. Мәдениет, ғылым, бизнес, медиа және IT сияқты бес бағыт бойынша жыл сайын 10 жоба аталған гратқа ие бола алады. «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын ұсыну жөніндегі конкурсқа өтінім қабылдау 2023 жылдың 10 мамырынан 10 маусымға дейін жалғасады.

Елдар Сапаров, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары:

- Жалпы осы 5 бағыт бойынша жастарымыз өз жобаларын ұсынған кезде робототехниканың дамуы болуы мүмкін. Медиада, өнер саласында бұл енді шығармашылық бағыттағы бастамалары, жазушыларымыз болса, жазған кітаптарын шығару, жас режиссер, актерлар болатын болса, қойылымына қажетті керек-жарақтарды алуға мүмкіндік береді.