Еліміздің ғалымдары қоқысты кәдеге жаратуды қарастырды

Қоқысқа тастаған затыңыз үйіңіздегі қажетті құралдың біріне айналуы мүмкін.

Қазақстандық ғалымдар қалдықты қайта өңдеп, түрлі заттар жасаудың жолын біледі. Елордада өткен конференцияда бірқатар жоғары оқу орнының ғалымдары өздерінің «жасыл жоба» бастамалары мен арнайы бағдарлама арқылы жүзеге асқан жобаларын көрсетті. Мақсат – энерго-тиімділікті арттырып, кампустарға «жасыл» стандартты енгізу. Пластик пен шыны заттарын қайта өңдеу арқылы қоршаған ортаны ластанудан қорғау.

Жәнібек Жартай, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің орталық маманы:

- Имидждік өнім, оның ішінде, стакан астына салатын құрылғылар, қаламсап, одан кейін брелоктар, 3д-жіп және шыныдан жасалған светильниктер және шыныдан жасалған органайзерлар. Қоқыстарды жинай отырып, сұрыптау арқылы біз имидждік өнім алып, оны ары қарай халыққа сату, коммерцияландыру арқылы белгілі бір имидждік өнімді алу.

Қанат Байғарин, физика-математика ғылымдарының докторы:

- Конференцияда ғалымдар мен зерттеушілердің таныстырған жобаларын керемет деп есептеймін. Қоқыс-қалдықтар ауаны ластайды. Салдарынан адамдардың денсаулығына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер туады. Сондықтан қоқысты өңдеп, одан тұрмысқа қажетті заттар шығарғандарын құптаймын.