Елімізде ҰБТ басталды
Биыл тестілеуге 160 мыңнан астам адам өтініш білдірген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның шамамен 140 мыңы – мектепті биыл бітіретін түлектер. Емтиханды 4 мәрте тапсыруға болады. Оның екеуінің көрсеткіші ресми нәтиже ретінде тіркеледі.
Бүгін 23 орталықта тестілеу өтіп жатыр. Кеше 2 мыңнан астам талапкер білімін тексерсе, бүгін олардың саны 3 мыңға жетті. Тестілеу 5 шілдеге дейін жалғасады. Талапкер 42 күн ішінде өзіне ыңғайлы уақытта және таңдаған жерде тест тапсыруы тиіс.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- Біз ҰБТ-ны ақырындап, біріншіден, осындай психологиялық ыңғайлы форматқа көшіріп жатырмыз. 41 орталығымыз бар. Бұл бүкіл өңірлік қалаларды қамтиды, үлкен ірі аудандық орталықтарды қамтиды. Әр өңірдегі үлкен қалаларды да қамтитын болады. Шымкент қаласы, Алматы қаласы, Елордамызда біз қосымша осындай жоғары оқу орындарын қостық.