Абай облысында 11 мектеп салынады
с
Түйткілді мәселені шешу үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы екі жылда 5700 орындық 11 мектеп салынады. Бұдан бөлек өңірдегі тозығы жеткен 20-дан астам білім нысаны жаңғыртылады. Ол облыстың білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған өңірлік жол картасы шеңберінде жүзеге асады. Көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев меморандумға қол қойды. Келісім аясында 150-ге жуық іс-шараны іске асыру көзделген.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Мектептердің әсіресе ауыл мектептерінің барлығының ренновациядан өткізілуі қолға алынады. 23 мектеп тізімге енген. Бұдан бөлек мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағытында үлкен жұмыстар атқарылады.