Атырау облысында 70 мыңнан астам оқушы жазғы лагерьге барады
Атырау облысында биыл 70 мыңнан астам оқушы жазғы демалыспен қамтылады.
Ол үшін бюджеттен 760 миллион астам теңге қарастырылып отыр. Оның ішінде Ресейдегі «Қазақстан геологы» мен Махамбет, Индер аудандарындағы лагерьлерде 4600-ден астам бала демалады деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек өңірдегі мектептердің жанында 100-ден артық демалыс орыны ашылады. Ал 700-ге жуық лагерь бейінді бағыттар бойынша ұйымдастырылады.
Орынтай Биманова, білім беру басқармасы басшысының орынбасары:
-«Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры ұйымдастырып жатқан жақсы жоба бар әлеуметтік. Бұл жобаның аясында 1000 баламыз Ақтау қаласындағы «Айналайын кэмп» деп аталатын лагерьде демалатын болады. Негізі демалу уақыты 10 күннен болады. Демалу маусымы 6 маусымнан басталады.