Алматыда ғалым Көпжасар Нәрібаевқа ескерткіш тақта қойылды
Алматыда Қазақстанның ғылымы мен білімінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан академик, ғалым Көпжасар Нәрібаевқа ескерткіш тақта қойылды.
Көзі тірі болғанда ғалым бүгін 85 жасқа келер еді. Көпжасар Нәрібайұлы елдегі бірнеше жоғары оқу орнында жетекшілік қызмет атқарды, жоғары және арнайы орта білім министрі болды. Әл-Фараби университетінің Ұлттық мәртебе алуына үлес қосты. Беделді оқу орнын басқарған 10 жылдан астам уақытта инновациялық ғылымды дамытуда бастамашы болды. Академиктің артына қалдырған мол ғылыми еңбектері кейінгі ұрпақ үшін сарқылмас қазына, дейді үзеңгілестері. Ескерткіш тақтаның ашылуына қатысқан әріптестері мен шәкірттері профессордың жарқын бейнесін еске алып, ескеліктерімен бөлісті.
Такир Балықбаев, Президент жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ вице-президенті:
- Ағамыздың жастардың тәрбиесіне арналған көптеген бастамалары, cолардың біреуі тұлғатану деген орталық ашып, сол жерде біздің қазақтың үлкен үлкен тұлғаларының тарихын зерттеп, сол туралы әртүрлі кездесулер өткізіп, одан кейін кітаптар шығарып, ғылыми зерттеулер, соның бәрінің басында осы Көпжасар Нәрібайұлы болды.