Оралда ҰБТ негізгі кезеңіне қатысуға 10 мыңға жуық оқушы өтініш берген

Оралда ҰБТ-ның негізгі кезеңіне қатысуға 10 мыңға жуық талапкер өтініш берген.

Жартысынан астамы сынақ тапсырып үлгерді. Әзірге ең жоғары нәтиже 136 балл. Дәл қазір аймақтағы тілшіміз Еркебұлан Смадияров бізбен тікелей байланысқа шығып тұр. Еркебұлан, қайырлы күн! ҰБТ талапқа сай өтіп жатыр ма?