Биыл грант конкурсына өтініштер қашан қабылданады?
Биыл грант конкурсына өтініштер шілденің 13-і мен 20-сы аралығында қабылданады.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысын жариялаған Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев осылай деді. Құжаттарды кез-келген жоғары оқу орны арқылы тапсыруға болады. Мысалы, Алматыға оқуға түсуді жоспарлаған түлек грантқа өтініш беру үшін Алматыға бармай-ақ, құжаттарын еGov арқылы онлайн немесе жергілікті университеттер арқылы офлайн тапсыруына болады. Биыл бакала-вриатқа 73 мың грант бөлініп отыр. Мемлекеттік грант конурсында балл саны тең болып қалған жағдайда «Алтын белгі» иесіне басымдық беріледі. Президенттің тапсырмасы бойынша барлық гранттың 60 пайызы техникалық мамандықтарға берілген. Сонымен инженерлік өңдеу өнеркәсібі құрылыс салаларына 18 мың 700-ден аса, педагогикалық ғылымдарға 12 мың 560, ақпараттық-коммуникациялық технологияларға - 10 103 жаратылыстану, математика және статистикаға 7 мыңнан астам грант бөлінді. Брифинг барысында вице-министр талапкерлерді өңірлік университеттерге оқуға түсуге шақырды.
Қуаныш Ерғалиев, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі: