«Қазақстан халқына» қоры 850 түлекке білім грантын береді
«Қазақстан халқына» қоры 850 жасқа білім грантын береді.
Қордың қолдауы аз қамтылған отбасыларға, жетім, мүгедектігі бар және қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан азаматтардың балаларына көрсетіледі. Талапкерге 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы мен айына 40 000 теңге шәкіртақы төленеді. Бағдарламаға 29 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Грант берілетін талапкерлердің тізімін Қор Басқармасы бекітеді. Айта кетейік, "Қазақстан халқына" қоры биыл қайырымдылыққа 20 млрд теңгеден аса қаражат жұмсады. Қазір қор шотында 155 млрд теңге бар.
Диас Бейсенбек, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының ресми өкілі:
- Барлық құжаттар ЖОО қабылдау комиссиялары арқылы тапсырылады. Қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыс жарияланған 89 ЖОО қордың грантына үміткер болуға болады. Бізде ЖОО-лармен меморандум бар. Сол қабылдау комиссиясасында отырған қызметкерлерге қажетті құжаттар беріп, грантқа үміткер болуға болады.