Қостанай облысында 43 мектепте интернет жылдамдығы баяу болып тұр

Қостанай облысы бойынша 43 мектепте интернет жылдамдығы баяу.

Ғаламтор желісінің жылдамдығы секундына небәрі төрт мегабит шамасында дейді білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары. Арнайы мониториг жүргізген олар мектептердің үштен бірі ғана сапалы интернетпен қамтамасыз етілгендігін анықтаған. Әсіресе Сарыкөл ауданындағы Чехов және Науырзым ауданындағы Мереке негізгі мектебінде интернет сапасы нашар. Жылдамдығы секундына бір мегабиттен де төмен. Бақылаушы орган мамандары жалпы білім беру ошақтарының материалдық-техникалық базасын тексеріп шықты. 

Айнагүл  Сұрағанова, облыстық білім беру саласында сапаны қамтасыз ету департаментінің басшысы:

- Облыстағы 101 мектепте интерактивті тақталардың 50 проценттен астамы жұмыс істемейді. Физика, химия, биология кабинеттері жарым жартылай жабдықталған. Сондай-ақ көркем еңбек бөлмелерінің де қамтамасыз етілуі көңіл көншітпейді. Бала саны нормативке сай келетін 26 мектепте спортзал жоқ.