Қостанай облысында мектептерге жөндеу жүргізіліп жатыр

Қостанай облысында 54 мектепті қайта жөндеп, жылу жүйесін жаңғырту керек.

Ашылғалы жөндеу көрмеген ғимараттар бар. Арнайы мониторинг қорытындысы осыны көрсетіп отыр. Қазіргі кезде 52 мектепті қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Соның бестен бірі бастан аяқ жаңғыртылатын болса, қалғандары ағымдағы жөндеумен шектеледі. Сарапшылар бір нысанды тапсыру мерзімі кестеден кешігіп жатқанын анықтады.  Ол екі жылдық жоба. Мердігер Меңдіқара ауданындағы мектепті жөндеуді былтыр бастаған еді. Келісім-шарт бойынша шілде айының аяғында тапсыруы тиіс болатын. Бірақ әлі күнге бар жұмыс аяқталмады.   

Айнагүл  Сұрағанова, облыстық білім беру саласында сапаны қамтасыз ету департаментінің басшысы:

-  Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл мектепте 103 бала оқиды. Егер білім ошағы мерзімінде тапсырылмаса, оқу үрдісін үзбейтіндей шаралар қарастырылған. Барлық сынып  жеке кіріс есігі арқылы екінші, үшінші қабатқа көшіріледі.  Мектептің ол бөлігінде жөндеу жұмыстары аяқталған.