Мектеп оқулықтарының 80% цифрлы форматқа көшірілді
Мектеп оқулықтарының 80%-і цифрлы форматқа көшірілді.
Олар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Оқу-ағарту министрлігі өкілдерінің айтуынша, мұндай жаңашылдықтың тиімді тұсы көп. Алайда оған оқушылар дайын ба? Ата-аналар не дейді?
Қазір елдегі әрбір үшінші балада «сколиоз» бар. Оған бірден бір себеп – мектепке арқалайтын ауыр сөмке, дейді мамандар. Бұғанасы қатпаған бастауыш сыныптың баласына 4-5 кітапты алып жүрудің өзі оңайға соқпайтыны рас. Мәслені өткен жылы Мемлекет басшысы да айтып, проблеманы цифрландыру арқылы шешуді тапсырды. Сәйкесінше, қазір елдегі мектептерде оқулықтарды цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жүріп жатыр. Алайда ата-аналар жаңашылдықты түсінбей дал.
БЛИЦ
- Ата-анаға таңдау құқығын беру керек. Мектеп, оқу-құралдарынан басқа да, қазір деген балалар телефон, интернет, гаджеттен шықпайды ғой.
- Бәрін кітаппен қалдыру қажет. Өте қарсымыз. Ол менің ғана пікірім емес, бүкіл біздің ата-әжелердің, ата-аналардың ойы деп санаймын.
- Планшетпен оқитын болса, мысалы, көзіне зиян келеді. Энергиясының барлығын алып қояды. Мектепке барып ол планшетпен оқиды, үйге келіп, кешке жақын телефонмен отырса, оның барлығы баланың денсаулығына зиян.
Ал офтальмолог-дәрігер Қазына Икмат көздің көруін нашарлатпайтын әдіс бар. Ол үшін қарапайым гаджетті қолдану ережесін сақтанған абзал дейді. Яғни оқушылар әр 20 минут сайын көзді экраннан алшақ ұстап, 3-4 минуттан демалу қажет.
Қазына Икмат, офтальмолог:
- То есть күніне 20 минут қолдануға болады. 20 минуттан кейін шамалы үзіліс жасау керек. Бала алысқа қарау керек. Одан кейін қайтадан 20 минут қарауға болады. Планшетте настройкалары болады. Ішінде «яркость освещения» можно настроить. Оны ата-аналар бақылау керек. Оны ата-аналар бақылау керек үйде де, мектепте де. Мұғалімдер қарау керек.
Қазір оқулықтарды цифрландыру жұмыстарына 10-нан астам баспа тартылып отыр. Бүгінге дейін кітаптардың 80 пайызы цифрлық форматқа көшірілді. Қазір барлық сыныпты қамтитын 50 мыңнан аса цифрлық білім беру ресурстары мен арнайы видео-сабақ жасалған. Жауапты бөлім меңгерушісі Саят Омаровтың айтуынша, бұл жаңашылдықтың тиімді тұсы көп. Бірақ ол кәдімгі оқулықтарды шектемейді. Яғни электронды кітаптар - қосымша оқулық ретінде ғана жүреді.
Саят Омаров, республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының бөлім меңгерушісі:
- Қағаз оқулықтар міндетті түрде қалады, ол ешқайда кетпейді. Балалардың оқушылардың қызуғышылығын арттыратын әртүрлі видеофильмдер, қазіргі кезде мультфильм түріндегі ақпарат дайындалып жатыр. Сонымен қоса қағаз оқулықта бір өлең қысқа ғана беріледі. Ал электрондықта үзіндісін ғана беріп, қосымша ссылка арқылы толық нұсқасын да беруге болады. Яғни электронды оқулық арқылы біз оқушыларға беретін ақпарат көлемін ұлғайта аламыз.
Биыл 7 мыңға жуық мектеп оқушылары электорндық оқулықтарды пайдаланатын болады. Қазірдің өзінде кітаптарды цифрландыру көрсеткіші бастауыш сыныптарда 94 пайызды, 5 пен 9 сыныптарда 81, 10 мен 11 сыныптарда 61 процентті құрайды. Пәндерді толық сандық форматқа өткізу 2024 жылы жүзеге асырылмақ.
Альмира Оразбай