14 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары қыркүйекке дейін аяқталмауы мүмкін
14 мектептегі күрделі жөндеу жұмыстары білім күніне дейін аяқталмауы мүмкін.
Олар Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында орналасқан. Қазір 260 білім ошағында күрделі жөндеу жүріп жатыр. Оның 194-і тапсыруға дайын. Қалған 48 мектептегі жөндеу жұмыстары жыл соңында аяқталса, 18-і келесі жылға ауысады. Бұған қоса биыл 154 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Қазір елде 200-ден аса апатты және 3 ауысымдағы білім ошағы бар. Жыл соңына дейін ашылатын мектептер бұл мәселені едәуір шешпек.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
- Ғани Бектайұлы, әлі күнге дейін күрделі жөндеу аяқталмаған мектептерде балаларды оқыту процесі қалай жүреді?
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- 4 бағытта бұл жұмыс ұйымдастырылып отыр. Министрлік бұл жұмысты жіті бақылауда ұстап отыр. Бірінші бағытта 28 мектеп өз мектептерінде оқитын болады. Ол жерде жасалып жатқан күрделі жөндеу оқу процесіне кедергі жасамайды. Ол балалар сол өз мектебінде қалдырылып отыр. Екінші 26 мектепте көршілес жақын мектепте оқу қарастырылған. Оқу процесіне зиян келтірмеу жағы да қатаң бақылауда ұсталып отыр. 10 мектеп бейімделген ғимараттарда оқыту қарастырылып отыр.