Салалық ғылымға берілетін гранттар мерзімін ұзарту ұсынылды
Медицина ғалымдары салалық ғылымға берілетін гранттардың мерзімін 3 жылдан 5 жылға ұзарту қажет деп отыр.
Бұл туралы Президент жанындағы Ұлттық Ғылым Академиясының сарапшыларымен өткен басқосуда айтылды. Ғалымдардың пікірінше, қандай да бір ғылыми жобаның нәтижесін көрсету үшін іргелі зерттеулер жүргізу керек. Ол үшін 3 жыл аздық етеді. Ал грантты жеңіп алған көптеген зерттеушілер уақыт тығыздығынан ізденістерін сапалы аяқтай алмай жатыр-дейді сала мамандары. Бұған дейін Ұлттық Ғылым Академиясының сарапшылары Астанадағы бірқатар ғылым институттар мен ортаплықтың ғалымдарымен кездесіп, олардың ұсыныстарына құлақ асқан. Бұл жиыннан кейін, құзырлы органдарға арнайы ұсыныс әзірленбек.
Ләззат Ералиева, ҚР президенті жанындағы ҚР ҰҒА вице-президенті:
- Медициналық ғылым орталықтарында мәселе көп. Әсіресе ғалымдардың мәселелері шаш етектен деуге болады. Олар бір ғана мақаласын шығару үшін жылдап зерттеулер жүргізіп еңбектенеді. Ізденіс жұмыстарына берілген уақыт аздық етеді. Біз осы және өзге де күрмеулі мәселелерді ғылым және жоғары білім, денсаулық сақтау министрліктеріне, депутаттарға жолдап, ұсыныстарымызды жеткізетін боламыз.