Білім министрі тамыз конференциясында не туралы айтты?

Мұғалімдерді аттестаттау процесі автоматтандырылады.

Сондай-ақ болашақта педагог-зерттеуші мен, біліктілік санатын беру тәртібі, қайта қарастырылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогтердың республикалық конференциясында айтты. Сондай-ақ министрлік еңбек өтілі 30 жылдан асқан ұстаздарды «Еңбек ардагері» медалімен марапаттау туралы шешім қабылдады.

Енді, мұғалімдер педагогика және оқыту әдістемесі бойынша тестілеуден өтуге міндетті емес. Яғни мұғалім тек өзі сабақ беретін пән бойынша және тек ғана модератор мен сарапшыға ауысқан кезде ғана сынақ тапсырады. Сондай-ақ қазақстандық мұғалімдер «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелде оқу мүмкіндігіне ие болды. Ол үшін «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасына қатысуы тиіс.

Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Біз жалпы мынау ұлттық осындай жүйелерді енгізер кезде бәріміз ойлаймыз: бұл тағы да бір бізді бағалайтын жаңа құрал болды, ертең біздің кемшіліктерімізді шығарады деп. Мұндай жүйелерден қорқудың қажеті жоқ. Жаңа Президенттің сөзінде де естідіңіздер, министрдің де сөзінде айтылды. Біздің алдымызға қойылған мақсат – білімнің сапасын көтеру. 

Нұрқанат Қанапия, тілші:

- Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала өмірге келеді. Әрине, бұл балаларға келешекте, балабақша керек, мектеп қажет. Осы мақсатта елімізде «Жайлы мектеп» жобасы қолға алынды. Бұл жоба аясында салынатын мектептерде жүздеген оқу кабинеті, бірнеше спорт залы және хоккей корты да болады. Ал 2025 жылдың соңына дейін 369 мектеп салынады. 

Жоба аясында Алматы облысында 53 мектеп бой көтереді. Бұл білім ошақтары 54200 балаға шақталған. Биыл 26 нысанның құрылысы басталады. Қазіргі уақытта облыста мектептегі орын тапшылығы 26 мыңды құрап отыр. 

Гүлсара Исағұлова, Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Алматы облысында қазіргі таңда 51 үш ауысымды мектеп жұмыс жасап отыр. Осы 51 үш аусымды мектепті жою барысында қазір Алматы облысында 16 жаңа мектеп салынып жатыр. Ол 16 мектептің 14-і үш ауысымды мектепті жою мақсатында, және бір мектеп оқушы орны тапшылығы үшн салынуда. 1 қыркүйекте 9 мектеп пайдалануға беріледі. Бұл өз кезегінде 13 мектептің, үш ауысымды мектептің проблемасын шешеді.  

Кадр тапшылығын шешу үшін аймақтық және республикалық кадр регистрлері құрылуы керек. Әкімдіктер маман даярлауға мақсатты тапсырыс қалыптастыруы қажет. Конференциядағы басты жаңалықтың бірі – оқу жылына қатысты болды. Алдағы оқу жылы бұрынғыдай 25 мамырда аяқталады.

Сажида Шайсұлтанова, Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі:

- Енді мен ойлаймын, 25 май өзі адам затының өмірбақи келе жатқан, жаңағы сана-сезіміне байланып қалған нәрсе ғой. Сондықтан мен 25 май аяқталуына толығымен келісемін. 25 майға дейін өзі бала әзер отырады сабақта. Енді маусымға келгенде мүлдем отыра алмайды. 

Биыл мемлекеттік грант алуға құжат тапсырған жастардың әрбір төртіншісі педагогикалық мамандықты таңдаған. Сонымен қатар «Алтын белгіге» ие болған мың жарым түлек ұстаз болу туралы шешім қабылдапты. Бұл қоғамда мұғалім беделінің көтеріле түскенін айғақтаса керек.

Нұрқанат Қанапия, Ырыстанбек, Ақылбек Есімсейітов