Қызылорда үш ауысымды мектеп мәселесін шешудің амалын тапты

Қызылордада екі мектептте бастауыш сыныптарға арналған қосымша ғимарат ашылды.

Соңғы жылдары өңірде оқушы санының көбеюіне байланысты 6 білім ошағы үш ауысыммен оқытуға көшкен еді. Жаңа оқу жылы қарсаңында 4 оқу ордасында орын жетіспеушілігі мәселесі оң шешімін тауып отыр.

Былтыр Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектепте 4 мыңнан астам бала білім алды. Ал бұл оқу ошағының сыйымдылығы жоба бойынша 1 мың 200 орынға шақталған. Биыл мектеп жанынан бастауыш сыныптарға арналған 550 орынды жаңа ғимарат салынды. Осылайша үш ауысым мәселесі шешімін тапты.

Жанат Сәдуақасова, Абай атындағы №2 мектептің директоры:

- Толық жабдықталған 22 кабинеті бар, бастауыш сыныптарға арналған барлық жағдай жасалған. Биылғы оқу жылында енді 4 мың 403 оқушымен бастайын деп отырмыз, 2023-2024 оқу жылын.

Өткен жылы қаладағы №101 мектеп-лицей оқушылары да үш ауысыммен білім алды. Жаңа оқу жылы қарсаңында бұл мектептің жанынан да 370 орынға арналған қосымша ғимарат салынды.

Мейрамбек Шермағанбет, облыс әкімінің орынбасары:

- Бұл 370 орындық мектеп 700 миллион теңгенің көлемінде салынды және 550 орындық мектеп 800 миллион теңгенің көлемінде салынды. Ал егер бұл арнайы салынатын болса, бөлек жерден, бұл әрине 2-3 миллиард теңгенің көлемінде қаражат кететін еді.

Облыс орталығындағы №264 және №3 мектеп-лицейлердегі сынып жетіспеушілігі мәселесі де осындай әдіспен шешімін тапқан. Өңірде үш ауысымда білім беретін және апатты мектептер мәселесін келесі жылы толық шешу жосарланған. Ал биыл жыл соңына дейін ауылдық елді мекендерде салынып жатқан 4 мектеп пайдалануға берілмек.