Алматы облысында Қосқұдық ауылындағы мектеп салтанатты түрде ашылды
Алматы облысындағы Қосқұдық ауылының балалары жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастайды.
Жомарт жандардың демеушілігі арқасында іргетасы берік, сәулеті келісті білім ордасы бой көтерді. Бүгінгі мерекеге орай мектеп салтанатты жағдайда ашылды.
Қосқұдық тұрғындары жаңа мектептің салынуын көптен күткен. Сол тілектері орындалды. «Халық игілігіне» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен ауылда заманауи мектеп салынды. Әлі сыры кеуіп үлгермеген сыныптар жарқырап тұр. Әр класс қажетті оқу құралдарымен жабдықталған.
Жансая Көпбай, оқушы:
«Барлығы бар. Екі этажды мектеп маған ұнап тұр» скл «Біз каникулда демалып, бір бірімізді сағынып енді қазір бір бірімізді көріп, қуанып жатырмыз».
Талбай Жанғазиев, ауыл тұрғыны:
«Бұл біздің болашағымызға,бүлдіршін балаларға өте қолайлы мектеп. Өте тамаша. Халық игілігіне берілген».
Жаңа мектеп қаладағы мектептерден артық болмаса кем емес. Баланың зейінін ашып, сабаққа қызығушылыған артыруға қажетті құралдар жетерлік. Жалпы Қосқұдық мекетепбінде 100 бала білім алады. Оларға 20 мұғалім сабақ береді.
Марат Сұлтанғазиев, облыс әкімі:
«Бұл инфрақұрылымдық ғимарат ауылды әрі қарай дамытуға үлкен септігін береді. Өйткені ауыл жанынан темір жол өтіп тұр. Темір жолдың тоқтау станциялары, тупиктері бар. Соның бәрін ескере отыра ауылдың қайтадан жаңғыруына үлкен серпін береді деген ойдамыз».
Қанат Бозымбаев, қоғам қайраткері:
«Бәріміз осы қорға еңбек жасап болашақта осы Алматы облысының тұрғындарына әсіресе жағдайы қиын, дарынды балалар, қарт адамдар мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау көрсетіп, ары қарай сондай жұмысты қолға алайын деп жатырмыз».
Ал бұрынғы мектеп ғимараты балабақшаға айналды. Жалпы Алматы облысында демографиялық өсім жоғары. Биыл өңірде бірінші сыныпқа 38 700 бала барады. Үш ауданда жаңа мектептер ашылады. Бұған қоса облыста 16 мектептің құрылысы жүріп жатыр.
Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев, Аманжол Жөнкешов