Елімізде 382 мың бала бірінші сыныпқа барады

1 қыокүйек Білім күні.

Елімізде 382 мыңға жуық бала алғаш мектеп табалдырығын аттамақ.

Бүлдіршіндердің 70 процентке жуығы мемлекеттік тілде оқиды.

Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың көбі Түркістан өңірінде тіркелген. Олардың саны 53 мыңнан асады. Алматы облысы мен Алматы қаласы да көш бастап тұр. Ал ең азы Ұлытау аймағында байқалады. Ондағы көреткіш 4,5 мыңға жуықтайды. 

Жаңа оқу жылында 11-сынып оқитын шәкірттердің саны да рекордты көрсеткішке, яғни 189 мыңға жетіп отыр. Жалпы елімізде 7,7 мың орта білім беру ұйымы бар. Жыл соңына дейін тағы 132 мың орындық білім беру ұйымдары пайдалануға беріледі деп күтілуде.

ГРАФИКА

2023-2024 оқу жылында бірінші сыныпқа баратын оқушылар

Астана қаласы 28147

Алматы қаласы 37171

Шымкент қаласы 27764

Абай облысы 10793

Ақмола облысы 14792

Ақтөбе облысы 19871

Алматы облысы 38036

Атырау облысы 16285

ШҚО 11013

Жамбыл облысы 24867

Жетісу облысы 13768

БҚО 13862

Қарағанды облысы 18520

Қостанай облысы 12808

Қызылорда облысы 18651

Маңғыстау облысы 20071

Павлодар облысы 11909

СҚО 7745

Түркістан облысы 53692

Ұлытау облысы 4353