Жайлы мектеп: 400-ге жуық білім ошағы салынады

2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті.

Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында айтты. Тұрғындардың баспана мәселесі де біртіндеп шешіліп келеді. Мәселен, жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді. Мектеп, денсаулық сақтау нысандарының құрылысы да қарқынды.

ЦИТАТА: Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті

«Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Мен нақты іске асқан шаралардың бір бөлігін ғана атап өттім. Шын мәнінде, көп жұмыс атқарылды, болашақта да өз жалғасын табады».