Оқулықтар толығымен цифрлық форматқа көшеді
Осы жылдың аяғына дейін мектеп оқулықтары толығымен цифрлық форматқа көшеді.
Мұны Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Бетпе-бет» бағдарламасында берген сұхбатында айтты.
Бүгінгі күні мектеп оқулықтарының 80 пайызы электронды форматқа көшірілген. Бұл біріншіден – білім сапасының артуына ықпал етсе, екіншіден – цифрлық форматқа көшу арқылы оқушылар қажетті ақпараттарға жылдам қол жеткізуге мүмкіндік алады.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу ағарту министрі:
- Бұл жалпы дәстүрлі қазіргі оқытуда цифрлық контенттерді қолдану арқылы білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жалпы оқушыларды қосымша қызықтыру, үй тапсырмасын беруде, оның мектепте алған білімін ары қарай қосымша шыңдауға үлкен мүмкіндіктер береді. Бұл бағыттағы жұмысымызды одан ары жалғастыратын боламыз.