Астанада ата-аналар интеллектуалдық сайысқа қатысты
Елордада «Brain Rain» республикалық интеллектуалдық сайысының финалдық кезеңі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Еліміздің 200-ден астам «Білім-Инновация» лицейінен жасақталған 18 команда ішінен үздік алтауы ақтық сынға жолдама алған. Әр команда құрамы 6 ата-анадан тұрады. Олар түрлі дәрежедегі 25 сұраққа жауап берді. Сыннан сүрінбегендер ақшалай сыйлыққа ие болады. Білім бәсекесінің жалпы жүлде қоры – 600 мың теңге.
Арафат Нұрлақов: «Білім-Инновация» ХҚҚ қоғамдық қатынастар жөніндегі вице-президент:
- «Brain Rain» интелектуалдық сайысы оқушылардың арасында да өтіп жатады. Бірақ бүгінгі іс-шараның ерекшелігі – бұның ата-аналар арасында өткізілуі. Өйткені мектеп пен ата-ананың тығыз байланыста болуы өте маңызды. Оқушы үшін де өте маңызды. Сондықтан бұл жерде 6 команда келеді Астана, Павлодар, Қарағанды, Атырау қалаларынан.